01 мам, 2019 сағат 10:03

Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы бірінші рейсін орындады. Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Жаңа ғана Нұр-Сұлтан қаласына FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді, - деп жазды Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы 1 мамырдан бастап әуе қатынасын орындай бастайтынын жазған болатынбыз.