29 нау, 2020 сағат 10:48

Елордадағы коронавируспен ауырғандардың жағдайы туралы айтылды

Коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін елорда тұрғындарына медициналық көмекті уақытылы көрсетуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда стационарлық ем алып жатқандар ішінде екі адамның денсаулық жағдайы тұрақты ауыр. Олар жасанды тыныс алу құрылғысымен жатыр. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алуда. Қалған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, Коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін елорда тұрғындарына медициналық көмекті уақытылы көрсету мақсатында қаладағы теміржол ауруханасындағы пульмонология бөлімі кеңейтілген.

«Бұл жерде коронавирусты инфекция бар-жоғын анықтау үшін диагностика жасалады. Ары қалай науқасты емдеу әдістері қаралады. Сондай-ақ, №2 қалалық аурухана базасында обсерваториялық емхана ашылды. Бұл жерде бір ауысымда 150 адам қарала алады. Коронавирус анықталған екі науқас осы медициналық нысанда жатыр», - деп толықтырды басқарма басшысы.