22 мам, 2018 сағат 14:25

Елордадағы екпінді жел құрылыс кранын қиратып кетті (видео)

Бүгін Астанада ауа-райы күрт бұзылып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, қатты дауыл тұрды. 

Дауыл әсерінен құрылыс нысанының краны құлаған. Әлеуметтік желі қолданушылары кранның құлаған сәтін видеоға түсіріп алған.

"Қазіргі уақытта мұнаралы кранның құлағаны нақты белгілі болды - кранды бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқан", - деді ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.