#
#
Жексенбі 23/02/2020

Елордадағы барлық ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді

  • 20.01.2020
  • 0
  • 185

Елордадағы барлық ескерткіштер биыл қайта жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен кеңейтілген кеңесте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай шараларды бекітілген жоспарға сәйкес білім мекемелерінде, жоғары оқу орындарында ақпан айынан бастаймыз. Қазір ең жас ардагеріміздің жасы 91-де. 52 ардагеріміз бар. Шынын айтсақ, саусақпен санарлық қана ардагеріміз қалды. Сол кісілерге де ерекше көңіл аударуымыз қажет. Біраз ардагеріміз қалада тіркелгенімен ауылда тұрып жатыр. Бірақ, біз оларды ауыл, қала деп бөлмей тең деңгейде қараймыз», - деді ол.

Әкім орынбасары елордада Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған «Отан Ана» монументі бар екендігін еске салды.

«Ол бірақ ескіріп қалды. Сондықтан күрделі жөндеу үшін арнайы қаражат бөлдік. Толығымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Оны сәуір айына дейін бітіруіміз керек. 9-мамырға дейін дайын болуы тиіс. Жалпы, қалада барлық ескерткіштерді жөндеуден өткіземіз. Абай көшесіндегі Абай ескерткішінен бастап барлығын қайтадан жаңартып, абаттандырамыз», - деді Бақтияр Мәкен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар