24 мам, 2020 сағат 09:33

Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады

Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады.

«Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылады.