31 нау, 2020 сағат 09:17

Елордада тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты

Елордада тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, осымен астанада 15-ші адам аурудан айығып отыр. Ал Қазақстан бойынша – 22 адам.