#
#
Сенбі 23/11/2019

Елордада латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары талқыланды

  • 08.11.2019
  • 0
  • 164

Елордада «Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық және әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар-кеңесі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық және әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар-кеңесі өтті. Семинар кеңестің мақсаты – қоғам мүшелері мен жекелеген авторлар тарапынан ұсынылған әліпби жобаларын ғалымдар мен сарапшылар талқысына салу. Қазақ жазуының орфографиялық принциптеріне сүйене отырып ұсынылған жобалардың артықшылықтары мен кемшіліктері сараланып, қорытынды жасалды», - делінген Мәдениет министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, семинарға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, «Нұр-Отан» халықтық партиясының «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелері, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, Сенат депутатты және орфографиялық, әдістемелік жұмыс тобының мүшелері мен сарапшы ғалымдар, сондай-ақ талқыланатын әліпби жобаларының авторлары Арман Байқадам, Қанат Нұрбай, Қуантқан Ванов, Жандос Темірғали қатысты.

Семинар барысында Орфографиялық, Әдістемелік жұмыс топтары «Bailatyn», «Kazak Grammar», «Q.Vanov», «J.Temirgali» әліпби жобаларын талқылады.

Талқылауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессорлары Зейнеп Базарбаева, Құралай Күдеринова, ғылыми қызметкер Айнұр Сейітбекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің профессоры Таңат Аяпова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Ләззат Әлімтаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситетінің доценттері Ләззат Еспекова, Қарлығаш Сарекенова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университетінің доценті Мархаба Тұрсынова, Назарбаев Университеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ғалымдары мен IT мамандар қатысып, өз пікірін білдірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар