#
#
Жексенбі 25/08/2019

Елордада бояулар мерекесі өтті

  • 21.07.2019
  • 0
  • 414

Елордадағы Триатлон саябағында «Яркокросс - JUNGLE» жазғы шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл республикалық жоба болып табылады. Осымен жетінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Бүгінгі мерекеге қатысуға 1200 астаналық өтінім білдірді. Жалпы жыл санап қатысушылардың саны артып келеді. Бұл шараның басты ерекшелігі - жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайды, яғни қатысушылардың жүгіру жылдамдығын өлшемейміз. Бізге ең бастысы – қатысушылардың жақсы көңіл-күйі мен әсем күлкісі керек», - деді шараның басты ұйымдастырушысы Александра Комлева.


Яркокросс - JUNGLE-ге қатысу 3 жасқа дейінші балаларға тегін, одан жоғары балалар үшін 2000 теңге, ал ересектер үшін 3000 теңгеден бастау алады. Айта кетерлігі шара жақындаған сайын билет құны жоғарылай түседі.

«Биылғы яркокросс қатысушыларын жұмбақ пен түрлі шытырман оқиғаларға толы JUNGLE күтеді. Онда еріктілер жыртқыштар аңдар мен шөп қоректілерге айналады, сондай-ақ біз барлық қатысушылар үшін тосынсыйлар әзірледік. Яркокросқа барлығы 70-тей ерікті жұмылдырылды. Сөреге жеткен барлық қатысушыларға жеңімпаз медалі беріледі», - деді ол.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына жарқын көңіл-күй сыйлаумен қатар, шаһарды жасыл-желекке толтыру.

«Жүгірістен түскен барлық қаражаттар қайырымдылыққа жұмсалады. Яғни қалада ағаш отырғызылады. Осы күнге дейін елордада 500-ден астам ағаш отырғызылды», - деді ол.

Сондай-ақ, шара ұйымдастырушысы қатысушылардың жиі қоятын бояу неден жасалады және ол қауіпсіз бе деген сұраққа жауап берді.

«Бояулар түрлі-түсті пудрадан жасалады. Ол - экологиялық таза және қауіпсіз, яғни крахмал мен тағам бояғыштары қолданылады. Дегенмен көзді қорғау үшін күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік киюді және ауызға кіріп кетпеуі үшін маска тағуды ұсынамыз», - деді ол.

13 шілдеде Қарағанды да бастау алған бояулар мерекесі алдағы 27 шілде күні Көкшетау және 17 тамызда Шымкент қаласында өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар