18 қыр, 2019 сағат 11:20

Елордада «Азбука жилья» басшысының мүлкі тәркіленді

Елордада «Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Ерқанат Тайжановтың мүлігі тәркіленді. Бұл туралы қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Е. Тайжановқа қатысты қылмыстық істі зерттеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік анықталды, яғни 5 жер телімі мен LEXUS LX570 автокөлігі бегілі болды. Тайжановтың халықаралық іздеуде жүргеніне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы Алматы ауданының №2 сотына заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу туралы өтінімхат енгізді», - делінген таратылған мәліметте.

Осы орайда аудандық сот қаулысымен өтінімхат толықтай қанағаттандырылып, Тайжановтың мүлігі мемлекет пайдасына берілді.

«Қазіргі кезде сот актісі заңды күшіне еніп, оның орындалуына бағытталды. Қала прокуратурасы қылмыстық табыстар мен жымқырылған активтерді тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда», - делінген хабарламада.