10 қыр, 2019 сағат 13:13

Елордада аудан әкімінің орынбасары 5 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды (Видео)

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары жеке компанияның директорынан 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол ауданды жарықтандыруға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша орындалған жұмысқа қол қойылуы үшін қамқорлық жасамақ болған» делінген агенттік хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іске нүктені сот үкімі қояды.