24 мам, 2020 сағат 11:46

Елордада 50 орындық дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды

Елордада 25 мамырдан бастап дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды қоғамдық тамақтану мекеемесінде тек 50 орыннан аспауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыда айтылғандай, шамамен 50 адам отыратын орыны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі.

«Залға 50 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, 18 мамырда елордада сыйымдылығы 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей бастаған. Ол кездегі шарт бойынша, ғимараттың ішкі және жазғы алаңдарын қосқанда, жалпы клиент саны 30-дан аспауы тиіс болатын.