21 қар, 2019 сағат 08:39

Елорда мен тағы екі өңірде екінші ауысым сабақтары тоқтатылды

Еліміздің үш өңірінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«21 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз - 25) қала мектептерінің 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасынан.

Сондай-ақ -24-32 градус аязға орай Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Шемонаиха, Тарбағатай, Аягөз аудандары мен Семей қаласында 1-4 сыныптар, Өскемен қаласы мен Бородулиха, Жарма, Глубокий, Ұлан, Бесқарағай аудандарында 1-11 сыныптар, Риддер қаласында 1-9 сыныптар оқымайды.

Ал Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларының, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарының мектептерінде 0-4 сынып оқушылары, Теміртау қаласының 1-9 сынып оқушылары сабаққа бармайды. Осы уақытта шаһарда -24-26 градус аяз тұр. Желдің жылдамдығы 2-3 м/с.

Еске салайық, ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған үш өңірде таңертеңгі ауысым үшін де сабақтар тоқтатылған болатын.