06 шіл, 2018 сағат 20:20

Елорда күнінде ақтөбеліктерге аквапарк тарту етілді


Ақтөбеде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында дәстүрлі түрде бірқатар жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар іске қосылды. Салтанатты шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Ақтөбеліктерді бұл күні Тұңғыш Президент саябағының жанында ашылған аквапарктің ашылуы ерекше қуантты.

Келушілерге үш шомылу аймағы, су аттракциондары мен төбешіктер салынған. Күн сайын мұнда 600-ге жуық адам тыныға алады.

Айта кетейік, бүгін демалушыларды кешеннің құрылысы әлі жүріп жатқан ашық жерінде қабылдады. Ол 2019 жылы аяқталмақ. Бұдан кейін қала тұрғындары мен қонақтары су аттракционының бірегей мүмкіндіктерін жыл бойы пайдалана алады.

Ақтөбеліктерді Елорда күнімен құттықтаған облыс әкімі аквапарк – Ақтөбе облысындағы Бала жылы аясында балаларға тамаша сыйлық болмақ.

- Сіздерді Астананың 20 жылдығымен – елорда күнімен құттықтаймын. Бұл әрбір қазақстандық үшін қазақ халқының еліміздің жаңа тарихындағы мемлекеттік тәуелсіздік алуға байланысты жетістіктерін білдіретін айтулы күн. Астана Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағыты табысының нышанына айналды. Қазақстанның жаңа астанасын толығыменмемлекет басшысының туындысы және саясаты салтанатының айқын көрінісі деп санауға болады. Осы мерекеде облысымызда жалпы құны 10 млрд теңге тұратын 31 жаңа нысан ашылады. Олардың қатарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орнына айналады сенім білдіріп отырған аквапарк та бар, - деді өңір басшысы.

Қаланың қақ ортасында орналасқан аквапарк3 гектар алаңды алып жатыр. жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5,8 миллиард теңге. Отыз адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.