#
#
Бейсенбі 17/10/2019

"Еліңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін" - Джек Ма Қазақстан туралы

  • 20.09.2019
  • 0
  • 705

Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Президенттің телерадио кешеніне сұқбат берді.

Қытай бизнесменінің сұқбаты "Барыс пен айдаһар стратегиясы: өзара құрмет және мәңгілік серіктестік" атты деректі фильмге енген.

"Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден тамаша әсер алдым. Ол - мықты көшбасшы, адамды жігерлендіреді. Туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болдым. Кездесу керемет өтті", - дейді Джек Ма.

Ол Қазақстанда үш-төрт рет болғанын атап өтіп, қазақ елін не үшін жақсы көретінін айтты.

"Әр сапарымда маған бірнеше нәрсе қатты әсер етті. Мемлекеттің көркемдігі, ұлы тұлғалары, қаһармандары, сондай-ақ халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын көрікті жерлерді аралаймын. Еліңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін, жаңа достар тапқанды ұнатамын. Геннадий Головкин сынды қаһармандарыңыз бар! Сіздерде өте қонақжай адамдар тұрады", - дейді миллиардер.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға мемлекеттік сапармен барді. Президент сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізді, сондай-ақ Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездескен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар