25 мам, 2017 сағат 16:14

Еліміздің жаңа мемлекеттік елтаңбасы таныстырылды (фото)

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессор, Мемлекеттік Елтаңба авторы, Этносәулет Институтының директоры, Өзбекстанға еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа үлгісін ЕҰУ ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шара барысында Жандарбек Мәлібеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай және «ЭКСПО-2017» қарсаңында жарық көрген «Қазақстан Елтаңбасы» кітабын да көпшілікке таныстырды.

Салтанатты шара, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына және профессор Жандарбек Мәлібековтың туғанына 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Елтаңбасының: құрылу тарихы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асырудағы рөлі» атты халықаралық конференция аясында өтті.

Ғылыми форумға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым, Абай Тасболатов, Бақытбек Смағұл, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, академик Ерлан Сыдықов, академик Болат Көмеков, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық клиникалық Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық госпитальдың директоры Әділхан Абдуллин қатысты.

Сондай-ақ, РКФСР Сәулет және құрылыс ғылым Академиясының Орталық ғылыми-зерттеу және қала құрылысын жобалау институтының өндірістік іс жөніндегі директордың орынбасары Арнольд Полянский, Алматы қаласының Қазақ Бас Сәулет құрылыс Академиясының профессоры Бекримжон Глаудинов, Самарқанд қаласындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтының проректоры Ниматжон Садыков, «Астана қаласының Бас жоспары» директорының орынбасары Бақтыбай Тайталиев және тағы басқалар да сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін білдірді.