#
#
Жексенбі 26/05/2019

Еліміздің екі облысында қар жауады

  • 13.05.2019
  • 0
  • 526

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-15 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін. 15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне найзағай түсіп, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.

14-15 мамыр аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-16 мамыр күндері түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.

Ал, елордада 14 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар