16 шіл, 2018 сағат 10:35

Еліміздің бірқатар өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірінің кей жерлерінде алдағы үш тәулікте ауа температурасы плюс 40...43 градусқа дейін ыстық болады. Бұл ауа райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның келуімен байланысты. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа массалары ауысып, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Ал, солтүстік облыстарға Кола түбегінен жылжыған антициклон ығысып, жауын-шашын тоқтайды.