06 сәу, 2020 сағат 11:46

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі, 7 сәуірде түнде оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с, күндіз 15-20 м /с. 

7 сәуірде Қарағанды облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан артық, 8 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да көп, 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 7, тәулік 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да асып кетуі мүмкін. 

8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Түнде ауа температурасының 0-8 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа-райының өзгеруіне, дауылды ескерту хабарына назар аударып, қажетті сақтық шараларын жасауға шақырады.