25 нау, 2020 сағат 14:15

Еліміздегі антисептик өндіретін компаниялардың тізімі жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дезинфекциялық ерітінді өндіретін компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда дезинфекциялық ерітінді өндіретін компаниялар мына өңірлерде орналасқан: 

Павлодар қаласы: «Каустик» АҚ (өндірістік қуаты - жылына 6,6 мың тонна), «БО-НА» ЖШС (қуаты - жылына 240 тонна) және «Қазбытхим» ЖШС (қуаты - жылына 6 тонна); 

Алматы қаласы: «Аврора» ЖШС (жылына 10 мың тонна), «Microhim» ЖШС (қуаты - тәулігіне 6 мың литр), «Гиппократ» ЖШС (тәулігіне 3 мың литр), «Nazar Glabal Trade» ЖШС (қуаты - тәулігіне 6 мың литр); 

Шымкент қаласы: «ASEM» ҮЕҰ» ЖШС (тәулігіне 4 тонна), «ТИН» ЖШС (тәулігіне 5 мың флакон); 

Қарағанды облысы: «Грос Фарм» ЖШС (тәулігіне 2 мың литр); 

Солтүстік Қазақстан облысы: «Радуга» ЖШС (тәулігіне 4-7 мың литр); 

Ақмола облысы: «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС (тәулігіне 1 мың литр); 

Алматы облысы: «Golden Time Group» ЖШС (тәулігіне 2 мың литр); 

Қостанай облысы: «МедиаДез» ҮЕҰ» ЖШС (тәулігіне 1500 банк).