27 ақп, 2020 сағат 06:35

Елімізде жеті облыстағы 25 жол учаскесі жабылды

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық жолдары жабық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі жеті облыста жалпы ұзындығы 3 944 шақырым болатын 25 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл барлық республикалық жолдардың 15,8 пайызы.

1. Нұр-Сұлтан - Щучинск, 18-231 шақырымы

2. Нұр-Сұлтан - Теміртау, 1291-1426 шақырымы

3. Самара - Шымкент, 773-956 шақырымы. Белогорка - Қарабұтақ

4. Ақтөбе - Атырау - Астрахань 11 - 175 шақырымы, Ақтөбе - Шұбарқұдық

5. Ақтөбе - Ор, 16-235 шақырымы, Ақтөбе - РФ

6. Ақтөбе қаласының Солтүстік айналымы, 0-39 шақырымы

7. Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз, км 0-258 шақырымы Қандыағаш - Шалқар

8. Қарабұтақ - Денисовка - Рудный - Костанай, 0-231 шақырымы

9. Өскемен - Алтай - Рақман қайнарлары, 7-66 шақырымы Ушановское - Серебрянск

10. Алматы - Өскемен, 971-1068 шақырымы Қалбатау - Қ.Қайсенов

11. Алмат - Өскемен, 780-967 шақырымы, Аягөз - Қалбатау

12.Екатеринбург - Алматы, 555-729 шақырымы, Тобыл - СҚО.

13. Мамлютка - Қостанай, 180-386 шақырымы СҚО-Тобыл

14. Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 7-232 шақырымы Қостанай - Ақмола обл.

15. Жезқазған - Петропавл, 340-377 шақырымы Арқалык - Ақмола обл.

16. Қарабұтақ - Денисовка - Рудный - Қостанай, 231-504 шақырымы Ақтөбе обл - Рудный

17. Денисовка - Жетіқара - Мықтыкөл - РФ, 0-167 шақырымы

18. Қалқаман - Керней, 0-231 шақырымы

19. Қызылорда - Павлодар, 1135-1367 шақырымы Қарағанды обл - Ленинский

20. Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті, 200-235 шақырымы Ақмола обл - Шідерті

21. Өскемен - Семей, 10-198 шақырымы Герасимовка - Семей

22. Семей - Қайнар, 8-266 шақырымы

23. Семей - РФ, 3-113 шақырымы

24. Омбы - Майқапшағай, 585-733 шақырымы Павлодар обл - Семей

25. Екатеринбург - Алматы, 374-540 шақырымы РФ - Қостанай

Комания мәліметінше, еліміздегі жолдарға 729 арнайы техника шығарылған.