13 мау, 2019 сағат 10:18

Елімізде жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

Елімізде жазғы маусымға байланысты қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«№ 201/210 «Алматы - Түркістан» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13  маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 207/208 «Алматы - Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 205/206 «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша. Күн ара. 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін қатынайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.