22 қаң, 2020 сағат 17:45

Елімізде өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазақстанның үш өңіріндегі өзендердің су деңгейі көтерілуі ықтимал. Сол үшін еліміздің үш өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 22 қаңтардан бастап 23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы өзендерде, сонымен қатар Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінде ауа райының қолайлы болатындығы туралы болжамға байланысты мұз құрсауының бұзылып, өзендерде мұз кептелістерінің болуы және су деңгейінің көтерілуі ықтимал», - деп атап өтеді ведомстводан.

Осыған қарай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңір азаматтарынан аталған күндері барынша қырағылық танытуды, төтенше жағдай болған сәтте 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

«Азаматтық қорғаныс бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Өзендерді гидрологиялық ахуалға мониторинг күшейтілді», - делінген комитет ақпаратында.