14 мам, 2018 сағат 08:44

Елімізде алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады

Алдағы күндері Ақтөбе мен Қызылордададан басқа өңірлерде бұлтты ауа райы болады, - деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, атмосфералық бұлттардың салдарынан алдағы үш тәулікте бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.

Ақтау

Ақтауда 14-16 мамыр аралығында көшпелі бұлт, ауа температурасы күндізгі уақытта  +26...+28 градус, ал түнде +15...+17 градус болады.

Ақтөбе

Ақтөбеде 14-15 мамырда ашық ауа райы күтіледі. Бірақ 16 мамырда көшпелі бұлт болуы мүмкін. Ауа температурасы күндізгі уақытта +20...+23 градус, ал түнде +3...+7 градус болады.

Атырау

Үш күн бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +20...+27 градус, түнде +14...+17 градус аралығында болады.

Жезқазған

Күндізгі уақытта ауа температурасы +15...+17 градустан +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде ауа температурасы +3...+5 градустан +10...+12 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды

Қарағандыда 14 мамырда түнгі уақыттарда - 0...+2 градус салқын болады. Бірақ 16 мамырда ауа температурасы  +7 градусқа дейін жоғарылайды.

Қостанай

Қостанайда 14 мамырда күндіз ауа температурасы +18...+20 градустан +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Бірақ түнгі уақытта ауа температурасы 0...+2 градустан +5...+7 градусқа дейін жоғарылайды.

Қызылорда

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қызылордада ауа райы жылы болады. Ауа температурасы күндізгі уақытта +23...+26 градус, ал түнде +11...+13 градус болады.

Көкшетау

14 және 15 мамырда жауын-шашынсыз ауа райы болады. 16 мамырда ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасы +5 градустан аспайды.

Павлодар

14 мамырда Павлодарда ауа температурасы - -1...+1, 16 мамырда қатты жауын-шашын болады, ал күндіз ауа температурасы - +17...+19 градус.

Петропавл

15 мамырда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді.

Семей

15 мамырда жауын-ашын болады. Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+2 градус болады.

Талдықорған

Алдағы үш күндері бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +15...+17 градус болады.

Тараз

Таразда алдағы үш тәулікте күндіз және түнде жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +21...+24 градус, ал түнде  +8...+14 градус болады.

Орал

Алдағы үш күні бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус, ал түнде +8...+11 градус болады.

Өскемен

15 мамырда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+5 градус болады.

Шымкент

14 мамырда жауын-шашын мен бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +26...+28 градусқа жетеді.

Алматы

Алматыда үш күн жауын-шашын жауып, бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +19...+23 градус болады. 16 мамырда ауа температурасы  +7...+9 градусқа дейін төмендейді.

Астана

Бұлтты ауа райы болады. 15 мамырда жауын-шашын жауып, ауа температурасы +6...+8 градус болады. 16 мамырда күндізгі уақытта ауа температурасы +13...+15 градус болады.