20 қаң, 2020 сағат 16:10

Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады - Қазгидромет

Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномальді ауа температурасы сақталады.

«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін», - делінген хабарламада.