09 там, 2018 сағат 13:48

Елімізде 41 градусқа дейін күн ысиды

10 тамыз күні Түркістан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

10 тамыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

10 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.