11 сәу, 2018 сағат 07:39

Елеусінов кәсіпқой бокстағы қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды

Екі жылға жуық рингке шықпаған 31 жастағы кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5КО) супер орта салмақта 30 жастағы америкалық  Леонель Хименеске (4-23-1) еш мүмкіндік қалдырмады, деп хабарлады Sports.kz.

АҚШ-тың Индиана штатында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.  

Дәурен - Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Бұл салмақта сондай-ақ Нұрзат Сабыров, Арман Рысбек, Азиз Избакиев секілді боксшыларымыз ел намысын қорғап жүр.      

Айта кетейік, танымал британиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді. Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.