10 қыр, 2019 сағат 15:30

Елеусінов 13 қыркүйек күні өтетін айқасына дайындықты аяқтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) 34 жастағы америкалық Решард Хикске (12-0-1, 6 КО) қарсы жекпе-жекке дайындығын аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, ол соңғы спаррингті сенбі күні өткізген.

«Данияр өзін жақсы сезініп жүр. Соңғы спарринг сенбі күні болды. Біз дайындықты аяқтадық. Даниярды жекпе-жекке Дерик Сантос, Гарри Кларк және Даниярдың әкесі Марат аға дайындап жатыр», - деді З.Әлиев.

Еске сала кетейік, жекпе-жек 13 қыркүйек күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Айқас он раундқа есептелген. Бокс кешінің басты жекпе-жегі америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) арасында өтеді.

Елеусінов соңғы кездесуін биылғы 25 мамырда АҚШ-тың Мэриленд штатында өткізген болатын. Ол төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңді.