15 қаз, 2018 сағат 18:06

Елбасы жас хоккейшілерді Ақтөбеде Мұз сарайы ашылуымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елбасы мемлекет-жекешелік әріптестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды.

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.