05 қар, 2019 сағат 13:12

Елбасы Түркістан қаласындағы «Алатау медиа-орталығында» болды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы «Алатау медиа-орталығы» ғимаратында болды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Елбасы өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерін аралап көрді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.

- Шымкент миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Осыған орай біз жеке Түркістан облысын құрдық. Бұл көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша біз үлкен құрылыс бастадық. Мұның бәрі астанамыздың құрылысын еске түсіреді. Енді еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік БАҚ өкілдеріне.