17 қаз, 2017 сағат 13:55

Елбасы ТМД-ның ғарыш кеңістігін пайдалану конвенциясына қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Әділет» ақпараттық-құқықтық порталына сілтеме жасап. 

10 қазан күні Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» №561 Жарлыққа қол қойды.

Осы аталған құжатпен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясының жобасы мақұлданды.