#
#
Сенбі 23/11/2019

Елбасы: Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін елдің бірлігін сақтауымыз керек

  • 11.10.2019
  • 0
  • 362

Еліміздің игілігі үшін алда атқаратын біраз жұмыстар бар. Бұл туралы «Хабар» арнасына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер біз Тәуелсіздікті сақтап қаламыз десек, елдің бірлігін сақтауымыз керек. Мемлекеттің ішінде тыныштықты сақтау маңызды. Сондықтан біздің халқымыз дана, үлкенді-кішілі болып тентектерді жолға салып, елімізді ары қарай алға жетелеуіміз керек», - деді Елбасы.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің игілігі үшін алда атқаратын біраз жұмыстар бар екенін атап өтті.

«Алып мемлекеттер келісе алмай жатқан уақыт, олар сауда жағынан да, санкция жағынан текетіресіп жатқан кезең орын алуда. Қазақстан үлкен империялардың ортасында тұрған мемлекет ретінде әруақытта мұқият болуы керек. Бұл тұрғыда елдің тыныштығы арқылы ғана өркендеп өсе аламыз. Мен өз басым ел басқарып, тиісті қызметімді істедім, менің буыным қызмет етті. Енді келер буын менен жақсы істесін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында Президент қызметіне бірнеше адамды қарастырғанын, сондай-ақ неге Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын түсіндірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар