20 нау, 2020 сағат 12:45

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.