#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Елбасы: «Nur Otan» стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс

  • 21.08.2019
  • 0
  • 1748

«Nur Otan» стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партиямыз дамудың жаңа кезеңіне келіп отырғанын бәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруға тиіс. Бұл құр әшейін айтылған сөз емес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін, елге түсіндіретін ұйымбыз. Егер ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтан жауапкершілікті нақты түсінуіміз керек«, - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Осы ретте Елбасы партияның 2050 жылға дейін қабылданған бағдарламасында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанын еске салып өтті.

«Барлық бағдарламалар соған байланысты. Сол мақсатқа жету үшін жасап жатырмыз. Заман талап етті. Индустриялық, инфрақұрылымдық бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, халықты ағарту жұмыстарының барлығы бір мүддеге жету мәселесі. Барлығымыздың ойымыз осы мақсатқа жету болуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Тұңғыш Президенті 2015 жылдан бастап 5 институттық реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Естеріңізге сала кетейін, бұл заң үстемдігі, әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы бір ұлт, транспорентті әрі есеп беретін мемлекет. Бес бағдарлама деген осыған байланысты. 2017 жылы Парламент пен Үкіметті күшейту үшін билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта қарап, саяси жүйені жаңғырттық. 2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр», - деді Елбасы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР