15 қаң, 2021 сағат 14:05

Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер (1998-2000);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, Ақпараттық-талдау орталығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті (2000-2006);
  • Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында бас инспектор (2006-2007);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары (2007-2018);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі (2018-20.03.2019);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының уақытша міндетін атқарушы (20.03.2019-07.2019);
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы (07.2019 ж).
  • Соңғы қызметінен 2020 жылғы 28 желтоқсанда босатылған еді.