#
#
Жұма 14/12/2018

Елбасы Батыс Қазақстандағы жиһаз, ет өнімі және құрал-жабдық өндірісімен танысты

  • 15.05.2018
  • 1
  • 700

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Орал қаласында "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-на барып, көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласында пайдаланылатын құрылғылар мен жабдықтар жасау үдерісімен танысты.

Бұдан бөлек, Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған "Жайық Агро LTD" ЖШС-нің тамақ кәсіпорны жұмысымен танысты. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа "Мясодел" және "Кублей" брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды. 

Орал қаласында мемлекет басшысы "Квант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз фабрикасына барған. Қазақстан президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімделіп, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде айтылды.

Фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде мәлімет берілді.

1 пікір

  • SauleCәрсенбі, 16.05.2018

    Ет өнімі де, жиһаз жасау кәсібі де Қазақстанға өте қажет кәсіптер. Осы орта және кіші кәсіпті дамыту арқылы Батыс Қазақстан облысы 100 мыңнан аса жұмыс орнын беріп отыр. Мұның барлығы Президенттің тапсырмасы.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар