05 қаз, 2018 сағат 10:45

Елбасы «Ауыл - ел бесігі», «Сарбаз» және «Өз жеріңді танып біл» бастамаларын көтерді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерді қолдау және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы бойынша тың бастамалар көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сонымен қатар «Бойскаут» қозғалысы секілді «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керектігін атап өтті. Бұл бастамаға Елбасы Қорғаныс министрі атсалысар деген сенім білдірді.

Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сонымен қатар «Бойскаут» қозғалысы секілді «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керектігін атап өтті. Бұл бастамаға Елбасы Қорғаныс министрі атсалысар деген сенім білдірді.