21 мау, 2019 сағат 08:35

Назарбаев: «30 жыл бойы ұрпақтың болашағы үшін қызмет етіп келеміз»

Алматы өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарған 30 жылдағы қиындықтар мен сынақтарды еске алды, деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат» .

«Естен кетпес 1989 жыл уақыт өткен сайын алыстап барады. Заман сондай. Сол кезде Қазақ КСР коммунистік партиясының бірінші хатшысы етіп дәл осы залда сайлап едіңіздер. Көп жыл куә болған ел басқару міндетін 30 жыл бойы атқардық. Біз тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қалап, жаңа тарихты жазуға бірге кірістік. Мына жастардың отырғанына қуанамын. 30 жыл бойы жас ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қызмет етіп келеміз» деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы 30 жыл бұрын алдымызда қандай қиындықтар тұрды, оларды қалай шештік және болашақта не күтіп тұр деген үш мәселені ортаға салды.