#
#
Жексенбі 16/06/2019

Ел аумағында атом электр стансасын салуға үзілді-кесілді қарсымын!

  • 05.04.2019
  • 0
  • 1306

Ресей Президенті Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары барысында Қазақстанда АЭС құрылысын ресейлік технологиямен жүргізуді ұсынды. Бұл ұсыныс қоғамда түрлі пікір тудырып, қызу талқыға түсті. ҚР Энергетика министрлігі  "алдын ала даурығып, тұжырымдар жасауға және негізсіз алаңдауға себеп жоқ" дейді. Десек те, қоғам белсенділері бұл бастаманың қажетсіз екендігін айтып, дабыл қағуда. Ендеше,  ел аумағында атом электр стансасын салуға қарсы тараптың пікіріне ден қойсақ.

***

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Алматы облысы аумағында Ресейдің атом электр стансасын (АЭС) салуға үзілді-кесілді қарсымын! 

Бұл құрылыстың елімізге келтірер зияны орасан! Біріншіден, Ресейге тәуелділігіміз қазіргіден де арта түседі. АЭС Қазақстан аумағында орналасқанымен, іс жүзінде Ресейдің экономикалық, энергетикалық, қаржылық мүддесіне жұмыс істейтін болады. Себебі, құрылысты жүргізетін, қадағалайтын – ресейлік мамандар. Оған қызметкерлерді дайындайтын – Ресей. Бұл Қазақстанды Ресейдің ықпалында одан әрі ұстап тұрудың бір айласы! Екіншіден, мұның экологиялық қатері жайлы да ойлануымыз тиіс! Ертең техногенді апат орын ала қалса, Алматы мен Алматы облысының, Қазақстанның экологиясына, адамдарының өміріне қатер төнбек. Жапонияда Фукусимада апат орын алғанда, оның салдары қандай ауыр болғанын бүкіл әлем көрді. Осы жағын неге ойланбаймыз? Үшіншіден, Қазақстан энергетикалық ресурстарға кенде, кедей ел емес. Мұнай мен газ, керек десеңіз, Менделеев кестесінің барлық элементтері Қазақстанда бар. Олай болса, бізге АЭС салудың не қажеті бар? 

Мұндай жобаларды бастамас бұрын билік халықтың пікірін сұрап, қоғаммен ақылдасуы тиіс. Ал біз бұған ел азаматы ретінде түбегейлі қарсы екенімізді білдірейік. 

Жанболат Мамай

***

ЕАЭС дегенге әрең көніп жүрміз. АЭС деген бәленің еш қажеті жоқ қазаққа. 

Әсіресе Ресейдің технологиясы екенін ескерсек, тіпті керегі жоқ. АЭС-ті тоқтату ЕАЭС-ті тоқтатудан қиын!

Сондықтан ұсынысыңызға рахмет деп құтыла салу керек. Шенділер халықтың пікірін білмей жатып, ортақ моланың орнын іздегенді қойсын!

Айдос Сарым

***

Ресейді айтамын-ау, әлем тұтынатын iPhone шығара алмады. Сланец мұнайы мен газын өңдеу тағы қолынан келмеді. Бүгінін емес, келешегін ойлайтын өркениетті елдер жел, биоотын, күн энергиясынан энергетикалық қуат өндіруге баяғыда құлшына кірісіп кетті. Ал Ресей болса, сол бұрыннан қалған мықты теxнологиялық базасын пайдаланып, атом энергетикасын дамыту арқылы (арнайы Федеративті бағдарлама қабылдап та қойған) ақша тапқысы келеді. Күлкілісі, бұрынғы шекпенінен шыққан қорғаныс қуаты әлсіздеу елдерді экономикалық тұрғыда өздеріне тәуелді еткісі келеді. Бұл ойынның "жүрісін" баяғыда бала-бақшада өтіп кеткенбіз.

Иә, адамзаттың саны өскен сайын жаhанның энергетикаға сұранысы арта беретіні сөзсіз. Бірақ энергетикалық қуаттың плацдармы ретінде жалғыз атомдық энергияны көру - болашақ ұрпақтың тағдырына түкіру деген сөз. Ұмытпасам, әлемде 300-дей атом электр стансасы бар. Олардың жартысынан көбі жарамсыз. Ал сол жарамсыз стансалардың залалы нешік? Ойландық па?! Салынған дүниені залалсыздандыру үшін қыруар ақша мен миллиондаған жылдар керек екенін неге ұмытамыз?! Чернобыльге Батыс қыруар ақша төлеп әлек, жапондар 2011-ші жылғы зілзаладан зардап шеккен АЭС-ты қалпына келтіру үшін 70 млрд ақша жұмсады! Тағы айтарым, егер АЭС-ын салар болсақ, неменеге жетісіп, пәленбай млн доллар шығарып "Болашақтың энергиясы" атауымен ЭКСПО өткіздік? Құр мақтан үшін бе? 

Мен жерімде АЭС салынуына қарсылық білдіремін!

Дина Елгезек

***

Мен - Ермұрат Бапи - путиндік Ресейдің Қазақстанда атом электр стансасын салуға үзілді-кесілді қарсымын! Егер француз немесе жапон мамандары салатын болса, ойлануға болар еді. Ал атом энергетикасының технологиясы жағынан өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарында қалған Ресейді елдің атом энергетикасы саласына жақындатуға болмайды.

Неге?

Негесі сол - біріншіден, Ресей ұсынып отырған құны 10 млрд доллардың маңындағы АЭС-ті ядролық технологиясы дамыған алыңғы қатарлы батыстық компаниялар да дәл осы сомаға салып бере алады. Ресейдің кенделеп қалған атом энергетикасы болашақта Қазақстан үшін "бас ауруына" айналады. 

Екіншіден, АЭС-тің экологиялық қатерін былай қойғанда, оның қызыметін қамту біздің ел үшін арзанға түспейді. АЭС салу - кірпіш зауытын салу емес. Егер салынған АЭС-тің пайдалану мерзімі 50 жыл болатын болса, біз ресейлік регрессті технология мен мешел мамандарға сол 50 жыл көлемінде мұқтаж боламыз. Бұл уақыт аралығында біз Ресейдің АЭС-ті қамту қызметі үшін, кемінде тағы бір АЭС-тің құнын төлейміз.

Үшіншіден, технология турасында айтайық. Бірде мен бір ресейлік атом өндірісін жабалаушы-конструктормен бірге Астанаға ұшып бардым. Қатар орындықта отырдық. Жол қысқартуды қам қылған екеуіміз ортақ тақырып тауып алдық - ол Ақтау мен Балқашқа салынады деп жүрген АЭС-тің тақырыбы болып шықты. Мені бұл салада надан деді ме, біраз көсілді. "Біздің бүгінгі реакторлар КСРО атом флотының негізінде сүңгуір қайықтар үшін жасалған, - деді ол сөз ортасында. - Ал әскери қажеттілік үшін жасалған техника әрдайым сапалы болады".

"Ол қандай сериядағы реакторлар?" - деп сұрадым мен.
"Вам ничего не скажет называние серии этих реакторов" - деп, бір кергіді ол.
"Ну, все-таки?".
"Все-таки, чаще всего мы строим реакторы модернизированного варианта серии "ВМ" и "ВН". 
"Если не секрет, на каких атомных подводных лодках они установлены?" - деп сұрадым мен флоттан мақұрым адамның кейпімен. 
"Знаете, была такая знаменитая АПЛ "Ленинский комсомолец"?
"Конечно знаю, на северном полюсе всплывал из толщи льдов...".
"Так вот, реакторы этих "Китов" до сих пор используется нами в модернизированном виде"
...Бұдан арыға мыжып, мазаңызды алмайын. "Кит" деп аталатын 627-ші жобадағы АПЛ-дың энергетика қондырғысына байланысты Википедия не жазады - соны оқыңыз: біраз мәселеге қанық боларыңыз анық.

Мінеки:
В результате создания атомных подводных лодок проекта 627 СССР стал второй в мире державой, имеющей атомный подводный флот. Корабли проекта 627—627А имели существенные недостатки.
Всего, с 1957 по 1963 годы, в строй вступили 13 субмарин, проходивших службу на Северном и Тихоокеанском флотах. Одна субмарина, К-8 — погибла, остальные были списаны в начале 1990 годов.

Энергетическая установка:
Реактор серии ВМ, водо-водяной ядерный реактор на тепловых нейтронах, размещались на подводных лодках. В качестве ядерного топлива используется высокообогащённая по 235-му изотопу двуокись урана. Тепловая мощность — 70…90 МВт.
Реакторы ВМ устанавливались на первых советских АПЛ (проект 627 «Кит»)".
Мен флотта үш жыл қызмет қылған әскери теңізші ретінде айтайын: Советтер Одағы кезінде "Кит" жобасындағы қайықтарда болған атом апаттары құпия сақталды. 1977-80 жылдар аралығында ғана Камчатка флотилиясында үш АПЛ-дың реакторында "ЧП" болғанын білем. Ал бұл қайықтар пайдаланылған 1960-90 жылдар аралығында қанша апат болды - ол статистика бір құдайға ғана мәлім.

Ермұрат Бәпи

***

Қазақтың әр отбасының әрбір жеке адамы өзіндегі барды қанағат тұтады, жоққа сабыр қылады. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүргені үшін де шүкірлік ететін тәубешіл xалықпыз. Бұл - біздің қазаққа тән мінез. Ал тұтас ұлтқа келгенде осындай бейқамдық танытуға бола ма? Жоқ! Ұлттық мүдде жайлы сөз болғанда, ұлтқа тиетін кесір мен келешек ұрпаққа келтірер залал жайлы сөз болғанда әр қазақтың алаңсыз жүруге қақысы жоқ! Өзінің Тәуелсіздігіне қолы жетіп, егемендігін алған мемлекеттің сынақ алаңына айналуына, ұлттың болашағына балта шауып тәжірибе алаңына айналдыра беруге ешкімнің қақысы жоқ! Өйткені ол жердің киесімен бірге ҚАЗАҚ дейтін ИЕСІ бар! Қазақ xалқының батыр ұлдары орыс xалқының атамекенін қорғады, бірақ қиянат жасап көрген жоқ. Ең алдымен, сол xалықтың бізді ұлт ретінде құрметтеуін қалаймын және Жерімізге АЭС салынуына Ел азаматы ретінде түбегейлі қарсымын.

Бекжан Тұрыс

***

Для России строительство АЭС это не только экономический, но и политический вопрос, так как то государство, которое проталкивает свой атомный реактор другому государству рассчитывает привязать своего партнера на долгие годы разными обязательствами, готовя специалистов только в России, закупая технику только российскую и многолетнее технико-сервисное обслуживание только при участии России. И то, что Россия предлагает Қазақстану, она уже реализует в Узбекистане, где строительство первой атомной электростанции с участием России должно начаться не ранее 2022 года. Как отмечают эксперты, Россия предлагает Узбекистану построить такую же АЭС, какую она строит в Бангладеш. При этом, стоимость может быть около $11 млрд. И основную часть расходов хочет взять на себя российская сторона, которая готова предоставить Узбекистану кредит, сделав на долгие годы своим должником. Но в случае с Узбекистаном мотив еще понятен. Узбеки хотят увеличить экспорт газа, сократив его внутреннее потребление за счет появление атомной электростанции. Но в случае с Қазақстаном возникает ощущение, что кто-то целенаправленно лоббирует эту непродуманную идею, в том числе проталкивая именно российский ядерный реактор. Хотя более логичным была бы ускоренная газификация страны в том числе и выработка электроэнергии за счет газа, так как в отличие от Узбекистана наш основной экспортный продукт, это все-таки нефть. Оценочные запасы природного газа в Қазақстане составляют около 3,3 трлн. м3, а потенциальные ресурсы достигают 6-8 трлн. м3. Но до сих пор большая часть добываемого в Қазақстане газа, это попутный газ на нефтяных месторождениях, который либо используется для обратной закачки в пласт, либо сжигается нанося колоссальный вред экологии. И нашему правительству думать надо не о строительстве АЭС, а о наведении порядка в той же газовой отрасли, где закачивается и сжигается то, что могло бы пойти на благо людей и на развитие экономики без риска для здоровья граждан страны и окружающей среды.

Досым Сәтбаев

Пікірлерді топтастырған: Ұлт порталы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар