#
#
Жексенбі 25/08/2019

Экзит-полл: Зеленский партиясы шамамен 44 пайыз дауыс алды

  • 22.07.2019
  • 0
  • 312

Киев уақытымен кешкі 20.00-де Украинадағы президент сайлауына байланысты экзит-полл қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Азаттық.

Оның нәтижесі төмендегідей болды:

  • 43,9% - "Халық қызметшісі" (Владимир Зеленский партиясы);
  • 11,5% – "Өмір үшін оппозициялық платформасы";
  • 8,9% – "Еуропамен ынтымақтастық" (Петр Порошенко партиясы);
  • 7,6% – "Батькивщина" жалпыукраиналық бірлестік" партиясы (Юлия Тимошенко партиясы);
  • 6,3% – "Дауыс" (музыкант Святослав Вакарчук партиясы).

Осылайша алдын ала мәліметке сәйкес, Жоғарғы Радаға бес партия өткен.

Бұл Киев уақытымен кешкі 18.00-дегі жағдай бойынша экзит-полл қорытындысы және ол тек партиялық тізім бойынша сайланатын (225) депутаттарға байланысты көрсеткіш.

21 шілдеде Украинада кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Оған сайлаушылардың 36,6 пайызы қатысқан.

2014 жылғы парламент сайлауы сияқты бұл жолы да Украинада пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесімен дауыс берді. Оған 22 партия, 6 мыңға жуық кандидат қатысқан.

Бір палаталы Жоғарғы Рададағы 450 орынның жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы – мажоритарлық (бір мандаттық) жүйе бойынша сайланады. Бірақ ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк мен Луганск облыстарындағы кейбір аудандарда, сонымен бірге 2014 жылы Ресей өзіне қосып алған Қырым түбегінде дауыс беру өтпегендіктен, бұл жолы Радаға 424 депутат сайланады.

Владимир Зеленский мамыр айында президент ретінде қызметіне кірісе сала Жоғарғы Раданы тарататынын мәлімдеген еді. Ол украиналықтардың парламентке сенімі жоғалғанын айтқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар