04 мам, 2018 сағат 15:17

«Экспресс К» газетінің бас редакторы өмірден озды

Бүгін «Экспресс К» газетінің бас редакторы Тимур Неталиев өмірден озды. Бұл жайында әріптестері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Экспресс-К" редакциясында Тимур Неталиев 2004 жылдан бері қызмет етіп келген. Бас редактор қызметіне 2009 жылы тағайындалды. Оған дейін ол Ақтауда "Лада" басылымында жұмыс істеген. 

Әріптестері Тимур Неталиевтің қатты ауырып, жансақтау бөліміне түскенін айтуда. 

"Туыстары оның Ақтауда жерленетінін жеткізді", - деді редакциядағылар.