22 жел, 2016 сағат 19:49

ЭКСПО кезінде Байқоңырға ұшатын тікелей әуе рейстерін ашу ұсынылды

ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері көрме кезінде Байқоңырға ұшатын тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді дамыту мақсатында «Роскосмос» басшылығымен «Астана - Байқоңыр-Астана» және «Алматы -Байқоңыр-Алматы» тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін шешіп алу қажет», - дейді қоғамдық кеңес төрағасы Ерлан Сыдықов.

Бұдан бөлек, кеңес мүшелері Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту бағдарламасын бекіту шараларын шапшаңдату қажет деп санайды. Осы орайда шетел азаматтарының ғарыш айлағына кіруіне рұқсат беру мерзімін 45 күннен 14 күнге дейін қысқарту мәселесін шешу керек.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында кеңес мүшелері тағы бірқатар ұсыныстарын жариялады. Соның ішінде туризм мәселелерімен айналысатын бөлек мемлекеттік органды ашу бастамасы да бар.

Кеңес төрағасы Ерлан Сыдықовтың айтуынша, ЭКСПО көрме кезінде университет жатақханалары жалға беріледі.