09 қаң, 2017 сағат 15:44

Экономиканың біртіндеп қалпына келу үрдісі байқалуда - Ақышев

- Экономиканың біртіндеп қалпына келу үрдісі байқалуда. Бүгін Алматыдағы брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев осылай деді.

«Экономиканы біртіндеп қалпына келтіру үрдісі жалғасып келеді. Базалық салаларды дамыту үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қарашада 2,7%-ға өсті. Бұл ретте, 2016 жылдың 11 айында жинақталған қорытынды мен аталған көрсеткіштің өсуі жылдық қорытынды бойынша 0,5%-ды құрады. Бұл жылдың басынан байқалған құлдырау аймағынан шығып келе жатқанымызды растайды», - деді ол.

Сондай-ақ Ақышев нарықта шамадан тыс теңге өтімділігі сақталып отырғанын айтты.

«Дағдарыс құбылыстарының туындауының алдын алу үшін, сондай-ақ инфляциялық қысымның күшеюін болдырмау үшін Ұлттық банк қысқамерзімді ноттарды шығарып отырады. 7 және 28 күндік ноттардан басқа, Ұлттық банк одан да ұзын ноттарды шығарып отырады. 9 желтоқсанда бір жылдық ноттарды орналастыру бойынша үшінші аукцион өткізілді. Байқағанымыздай, оларға сұраныс ұсыныстан 3 есе артық болды», - деп нақтылады Ұлттық банк басшысы.

Бұдан басқа, Ақышев желтоқсанда Ұлттық банк қайталама нарықта Қаржы министрлігінің айналыс мерзімі 2-ден бастап 5 жылға дейін болатын мемлекеттік бағалы қағаздардың бұрын мәлімделген көлемін сатуды аяқтағанын жеткізді.

«Бұл қалыптасып келе жатқан ауытқу кірісін ұзартуға және оның ортамерзімді секторын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қаржы министрлігінің 5 жылдық қазынашылық облигацияларын орналастыру бойынша 2016 жылғы 20 желтоқсанда өткен соңғы аукционның кірістілігі 9,3% болды» - деп хабарлады.

Нәтижесінде, желтоқсанның соңында ақша нарығында Ұлттық банктің өтімділікті алу көлемі 1964,0 млрд. теңге болды. ҚР ҰБ-ның ашық позицияларының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 35,05 млрд. теңге, кері РЕПО операциялары бойынша 389,39 млрд. теңге, Ұлттық банктегі банк депозиттері бойынша 323,46 млрд. теңге болды. Айналыстағы қысқамерзімді ноттар 2 518,7 млрд. теңгеге жетті.