29 қаң, 2018 сағат 10:31

Екі бірдей университеттің ректоры ауысты

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ) – екі ректордың бос лауазымына кандидаттарды анықтау туралы Республикалық конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төрағалық еткен құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кірген комиссия ректор лауазымдарына кандидаттармен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтінім білдірген 10 үміткердің ішінен ЖОО Бақылаушылар кеңесі 5-ін Республикалық конкурстық комиссияға ұсынды.   

Әңгімелесу қорытындысы бойынша ЖОО-ды дамыту бағдарламаларын талқылау және конкурстық комиссияның ұсынысымен Мұхтар Әділбекұлы Төлеген(ШҚМУ) және Серік Мәуленұлы Өмірбаев(СҚМУ) министрдің бұйрығымен ректорлар болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап Республикалық комиссия конкурстық іріктеу бойынша Бақылаушылар кеңесімен 14 мемлекеттік ЖОО ректорларын таңдады.