01 там, 2018 сағат 09:07

eGov.kz порталында 18 жаңа салық пен міндетті төлемдерді төлеуге болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірге eGov.kz порталында «Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу» қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықты және міндетті төлемді төлеуге мүмкіндік береді.

Корпоративтік табыс салығы (2 түрде), жеке табыс салығы (3 түрде), әлеуметтік салық, ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар, жер салығы (2 түрде), ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы, қосылған құн салығы (6 түрде), акциздер (12 түрде), арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы (10 түрде), экспортқа салынатын рента салығы(2 түрде) және ойын бизнесіне салық (2 түрде).

Сондай-ақ, тіркелген салық: - алымдар (10 түрде), төлемдер (15 түрде), кедендік төлемдер (27 түрде), басқа төлемдер (2 түрде), баждар (2 түрде).

Төлемді жүргізу үшін салық төлеуші ретінде тіркелген болуы және қаражат болуы қажет.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып, керісінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді. Ал қызмет көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып табылады.

Еске салатын болсақ, бұрын порталда жеке тұлғалар үшін салықтардың 4 түрі ғана төлем үшін қолжетімді болатын: мүлікке салық, көлікке салық, жер салығы және өсімпұл, айыппұлдар, салықтарға берешегі.