16 қаң, 2017 сағат 18:01

Дəурен Абаев ХҚКО-да қаза тапқан адамның туған-туысына көңіл айтты

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО-да қайтыс болған Құнтақов Жарас Нүркебайұлының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты. 

Бүгін Астанада Азаттық радиосының тікелей эфирінде Уақытша тіркеу мәселесі талқыланған болатын. Аталған тақырыпты талқылауға белсенді заңгерлер мен сарапшылар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. 

Министрдің айтуынша, ХҚКО-да енгізілген жаңа жұмыс форматы қаңтар айының аяғына дейін жалғасады. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі өз тарапынан барлық ақпараттық қолдау мен қажетті ақпараттық алаңдарды ұсынуға әзір.

"Ұлт ақпарат"