#
#
Жексенбі 29/03/2020

Дзюдо: Grand Slam турнирінің алғашқы күні қазақстандықтар жүлдесіз қалды

  • 21.02.2020
  • 0
  • 169

Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күні қазақстандықтар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, бүгін ерлер 60, 66, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде татамиге шықты.

Анна Казюлина (52 кг) бірінші белдесуінде Перу спортшысынан жеңіліп қалды.

Ерлерден Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов (екеуі де – 60 кг) екінші айналымда қарсыластарына есе жіберді.

Ерлан Серікжанов 66 кг салмақта алдымен Зиад Аунды (IJF), содан кейін Саини Уайлды (Үндістан) тізе бүктірді. Алайда ширек финалдық жолдама үшін белдесуде грузиялық дзюдошы Важа Маргвелашвилиге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг денсаулығының сыр беруіне байланысты бұл жарысқа қатыса алған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Grand Slam» турнирінің алғашқы күні қазақстандық үш балуанның белдесуге шығатынын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар