#
#
Жұма 18/08/2017

Джон Малкович Астанаға келді

  • 26.07.2017
  • 6
  • 564

Бүгін Астанаға танымал голливуд жұлдызы, актер, продюсер әрі режиссер Джон Малкович келді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.  

Оны халықаралық әуежайдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов және "Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева күтіп алды.

"Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалі өз жұмысын жалғастыруда. Бірнеше күннің ішінде бірқатар фильмдер легі қаралды. Жобаға 101 фильм қатысып жатыр. Ал фестиваль аясында жалпы 296 картина ұсынылды. Біздің кинофорумға танымал голливудтық жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан Броуди қатысқан болатын. Ал бүгін танымал голливуд актері Джон Малкович арамызға қосылды. Ол кинофестивальдің жабылу салтанатына келді, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысатын болады. Мен оны біздің талантты жастарды кино әлеміндегі жаңа жетістіктерге ұмтылуға жетелейтініне сенемін", - деді Айман Мұсақожаева өз сөзінде.


Танымал актер Джон Малкович Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. Бірнеше жыл бұрын ол Алматыдағы Қазақстан-Америка бірлескен кинофестиваліне қатысқан болатын.

"Мен Алматыда 2010 жылы болдым. Ал бұл жылы алғаш рет "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне қатысатын боламын. Бүгін осы жерде болғаныма өте қуаныштымын. Айта кету керек, мен қазақстандық кино жөнінде аз білемін. Дегенмен, Ермек Шынарбаев сияқты қазақстандық танымал кинорежиссерлермен бірнеше рет кездескен болатынмын. Ол мен қатысқан фестивальде өз фильмін ұсынды" - дейді голливудтық жұлдыз Джон Малкович.

Естеріңізге салсақ, "Еуразия" кинофестивалі өз жұмысын 2017 жылдың 22 шілдесінен бастады. Фестиваль 28 шілдеге дейін созылады.

6 пікір

  • YuriydowXKБейсенбі, 17.08.2017

    Помогите. В квартире появились клопы
    Напишите кто сталкивался?. Я нашел фирму в Саратове по избавлению от насекомых с положительными отзывами
    Самостоятельно пробовал разные средства от насекомых, не помогло.
    ------

    Добавлено 03.07.2017 13:00
    Кому надо ссылку [http://bio64.ru/?page_id=193 - клопов в саратове



    http://www.bio64.ru - http://bio64.ru/wp-content/themes/wordpress-shabloni.ru.spectrum/wordpress-shabloni.ru.spectrum/images/logo.png

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР