08 ақп, 2017 сағат 10:03

Джеки Чанның Димаш Құдайбергенге үйреткен биі (Фото, Видео)

Димаш Құдайберген  6 ақпан күні Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездесіп, арқасына қазақтың ұлттық шапанын жауып, домбыра сыйлаған-тын.

Мегажұлдыз өз кезегінде Димашқа "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткен болатын. Сіздің назарыңызға аталған бидің толық нұсқасын ұсынамыз.

Еске салайық, Джеки Чанмен кездесіп, ерекше шаттанған  Димаш Құдайберген өз Инстаграм парақшасына: «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!», -  деп жазған болатын.         

ҚазАқпарат