02 мау, 2017 сағат 14:29

Джеки Чан жақын күндері Астанаға келеді

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан маусымда Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ecns.cn. басылымына сілтеме жасап.

"Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз микроблогында Джеки Чанның фильмдерін көріп, Қытай елін ұнатып қалғаны жайында көп жазады. Енді оның отандастары аңыз адамды үлкен экраннан қайта көре алады", - деп жазыпты басылым.

Басылымның мәліметі бойынша, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шара аясында келеді екен.

"Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының "Кунг-фу Йога" (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу" - автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады", - делінген басылым ақпаратында.