06 мау, 2017 сағат 22:19

Джеки Чан Астанаға келді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов төрткүл дүниеге әйгілі актер Джеки Чанды елорда әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева Фейсбуктегі парақшасында «Қала әкімі әйгілі актерды қарсы алды», - деп жазды.

«Оскар» сыйлығының иегері Джеки Чан 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. 

Еске сала кетейік, Джеки Чан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қытайдағы «Мен әншімін» байқауында қолдаған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайберген Джеки Чанды «үлкен ағам» деп жазған еді.